Компания туралы

Atlas Capital - институционалды және ауқатты клиенттер үшін капиталдың ұзақ мерзімді өсуіне бағытталған инвестицияларды басқару жөніндегі тәуелсіз фирма. 

Біз әрбір инвестициямызды терең және мұқият түсіну және портфельдерімізді үнемі оңтайландыруға мүмкіндік беретін бірегей макро талдау процесі есебінен тәуекелдерді бақылап отыруға тырысамыз. 

Компания құрылтайшыларының капиталы біздің клиенттеріміздің капиталымен бірге инвестицияланады, бұл  клиенттер мен менеджерлердің мүдделерін бір сатыға қояды.

Бізді не айырықшалайды

Біз әдеттегі құнды инвестор емеспіз. Біз барлығын басқаша жасаймыз: бізде басқаша көзқарас бар; біздің әдістемеміз - өзгеше; және біз инвестициямызды құятын компаниялар да, әдетте, басқаша. Біз өз стратегиямызды негізін қалаушылардың жеке активтеріне инвестиция құю стратегиясын тексерген соң құрылдық, біз тәуекелдерді басқаруға баса назар аудардық, ол 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін 152% өсімді көрсетті.  

Қағидалар
Этика
Тәртіп
Тәуекелдерді басқару
Прогресс

Клиенттің мақсаттары әрдайым команданың немесе оның жеке мүшелерінің мақсаттарынан басым болады.

Кез келген мүдделер қақтығысын жою немесе азайту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Дәлелденген тәжірибеге негізделген және инвестициялаудың негізгі проблемасына жол бермейтін жүйелі тәсіл: эмоциялардың фактілерден басым болуы. 

Ықтимал шығындарды азайту мақсатында портфель бойынша шектеулер белгіленеді.

Лимиттер мен ықтимал тәуекелдерге тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Atlas Компанияны барлық жағынан дамытуға басымдық береді: үлкен инвестициялық мүмкіндіктер үшін инфрақұрылымды жақсарту, клиенттермен қарым-қатынасты нығайту және әрбір қызметкердің тұрақты кәсіби дамуы.

Сұрақтар мен жауаптар

Лицензияны және компания туралы басқа деректерді тексеру үшін сілтеме бойынша өту керек.

Компания 2022 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында AFSA-A-LA-2022-019 лицензия нөмірімен құрылған, ол Қазақстан Республикасының аумағында активтерді басқару бойынша реттелетін қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Лицензиялар және құрылтай құжаттары
Басты бет
Мәзір
Кабинет Байланыс деректер