АХҚО ережелеріне сәйкес тек кәсіби инвесторлар ғана біздің клиенттеріміз бола алады. Бұл мәртебе әрбір клиент үшін расталады және 50 000 доллар мөлшерінде инвестициялық капиталдың болуын көздейді.
Бұл ретте әлеуетті инвестор қор нарығында инвестиция құюдың орташа көкжиегі 2-3 жылды құрайтынын түсінуі тиіс. Батыс тәжірибесінде жеке тұлғаның инвестициялық капиталы әдетте оның жиынтық активтерінің 20-30%-ын құрайды.
Ақша мен қағаздар Atlas Capital жұмыс істейтін халықаралық брокерлердің шеттетілген брокерлік шоттарында сақталады. Қордың ақшасы мен қағаздары Прайм-брокерде сақталады.
Atlas Capital-да бейрезиденттермен жұмыс істеуге шектеулер жоқ. Бұл ретте бейрезиденттер KYC, AML, PEP, санкциялық тізімдерді қоса алғанда, резиденттер сияқты барлық комплаенс бақылау рәсімдерінен өтеді.
Клиенттер брокердің шотын санкцияланбаған кез-келген юрисдикциядан толтыра алады. Сондай-ақ, Қор барлық қажетті тексеру процедураларынан өткен жағдайда, шетелден ақша қабылдай алады.
Ақшалай қаражатты үшінші тұлғаға шығару мүмкін емес.