Atlas Prime — Atlas Capital-дың басқаруындағы флагмандық қор. Қор активтері Macro-balanced quality стратегиясы бойынша инвестицияланады.

Atlas командасы Atlas Primeқоры бойынша алдына қос мақсатты қояды
1
S&P 500 индексін елеулі басып озу
2
S&P 500 индексінен жоғары емес деңгейде құбылмалылықты қолдау

Анықтама үшін, S&P 500 орташа тарихи табыстылығы төмендегіні құрайды (соңғы 98 жыл):

  • 1-ші жыл үшін 10%,
  • 2 -ші жыл үшін 22%,
  • 3 -ші жыл үшін 34%,
  • 5 -ші жыл үшін 63%,
  • 10 -шы жыл үшін 166%.
$1000, Macro-Balanced Quality стратегиясы бойынша инвестицияланған
scheme
Қорға инвестиция құю процесі 6 сатыны құрайды:
1
Инвестор Atlas Capital-мен Қордың жарналарын сатып алу туралы келісімге қол қояды
2
Инвестор ақшалай қаражатты Қордың банктік шотына аударады
3
Тіркеуші Қордың жарналарын инвестор мүддесі үшін шығарады.
4
Қор ақшалай қаражатты брокерлік шотқа аударады.
5
Atlas Capital Қрдың толықтырылған активтерін инвестициялайды
6
Инвестор Atlas Capital есептерінде Қор жарнасы құнының өзгерісін қадағалайды.
Қор қалай жұмыс істейді

Инвесторлар Қордың банктік шотына ақша аудару арқылы қордың жарналарын (үлестерін) сатып алады. Қор көптеген инвесторлардың активтерін бір пулға жинайды, содан кейін олар бағалы қағаздарға инвестиция құяды.

Қордың таза активтерінің құны өзгереді, соның салдарынан әрбір жарнаның бағасы және әрбір жеке инвестордың қор жарналарындағы позициялар құны өзгереді.

Болашақта инвесторлардың бір бөлігі өздерінің сатып алу жарналарын қорға бере алады — және, егер де жарналардың бағасы көтерілсе, бұл ретте пайданы тіркейді.

Артықшылықтары
Басқару құны
Өтімділік
Салықтар
Кіру шегі

Қор құрылымына инвестиция құю масштаб әсерімен ұштастырылған, яғни бұл мәмілелер, айырбастау және аударымдар үшін аз комиссиялар ұсталатынын білдіреді. Басқару үшін Atlas комиссиялары да жеке шоттарды басқаруға қарағанда төмен.

Жарналарды сату апта сайын 10 жұмыс күні бұрын хабардар етумен қолжетімді*.

*Әрбір аптаның соңғы жұмыс күнінде. Егер Қордың жарналарын иелену мерзімі 6 күнтізбелік айдан аз болса, онда Сатып алуды жүзеге асыру кезінде сомадан 1,5% мөлшерінде комиссия ұсталатын болады.

Жарна құнының өсіміне салық салынбайды.

Бастапқы сатып алудың ең төменгі сомасы – 100 мың доллар.

Әрі қарайғы сатып алулардың минималды сомасы жоқ.

Қордың комиссиялары

Басқару комиссиясы — қордың таза активтері құнының жылдық 1,5%, айына бір реттен жиі төленбейді (айына 0,125%).

Табыс үшін комиссия - қордың инвестициялық табысының 15% - ы, тоқсанына бір реттен жиі төленбейді. highwater mark ережесі жұмыс істейді — Atlas төленген инвестициялық кіріс үшін қайтадан комиссия ұстамайды.

Операциялық шығыстар - қордың активтерінен төленеді және брокердің, банктердің комиссияларын, сондай-ақ аудитке арналған шығыстарды және басқа да шығыстарды қамтиды.

Құжаттар
Басты бет
Мәзір
Кабинет Байланыс деректер